Кәсіпкерлерді 30 мың долларға алдамақ болған топ мүшесі Швециядан экстрадицияланды

ҚР Бас прокуратурасы кәсіпкерлерді алдап, олардың 30 мың долларын жымқырмақ болған алаяқтар тобының мүшесін Швециядан елге экстрадициялады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 2019 жылдың тамыз айында Алматыда өздерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауапқа тартамыз деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған.

Олардың әрекеттерінің жолын кесу кезінде, біреуі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды.

Кейіннен Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады.

ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

«Аталған қылмысты жасағаны үшін осыған тектес қылмыс жасағандар мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін»,-делінген ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1715 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2737
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

Почему Байтасов хочет стать акимом Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить