Қазақстандықтар темекіге көбірек ақша жұмсай бастады

2023 жылдың қаңтар–тамызында ҚР-да 11,6 млрд дана темекі, сигара, папирос және басқа да ұқсас өнімдер өндірілді, бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,3% аз, деп хабарлайды energyprom.kz.

Толық 2022 жылы темекі өнімдерінің өндірісі 17,6 млрд дананы құрады, бір жылда 8,9% көбейген.


2023 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар темекі мен папиросқа сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 58,7%-бен салыстырғанда 76,3% қамтамасыз етті.

Импорттың үлесі тиісінше 23,7%-ды құрады. Елге 3,1 млрд темекі мен папирос импортталды, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бірден 56,7% аз.

Экспорт ресурстардың 21,6%-ын құрады. Қазақстан 2,8 млрд темекі өнімдерін экспорттады, бұл 2022 жылдың жеті айымен салыстырғанда 28,6% аз. Ішкі нарықтағы сату бір жылда 23,4% азайып, 10,2 млрд болды.


Биыл екінші тоқсанда үй шаруашылықтарының темекі өнімдеріне жұмсаған шығыны бір жыл ішінде 12,2% өсіп, 12,6 мың теңгені құрады.

Елімізде ең кқп темекі шегушілер Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары: екінші тоқсанда облыстағы әрбір үй орта есеппен темекі өнімдеріне 23 мың теңге жұмсаған — былтырғыдан 18,3% артық. Одан кейін Ақмола (22,7 мың теңге) және Қарағанды (20,8 мың теңге) облыстары.

Маңғыстау облысының тұрғындары темекі өнімдеріне ең аз ақша жұмсаған: 3,5 мың теңге — былтырғыдан 11,6% көп.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1841 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2737
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
13 мая родились
Ералы Тугжанов
заместитель премьер-министра РК
Forbes Video

Почему Байтасов хочет стать акимом Алматы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить