ҚазҰУ археологтары ерекше құнды бұйымдар тапты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археологиялық экспедициясы Талдықорған қаласы әуежайы маңындағы Дауылбай қорымында қазба жұмыстарын жүргізіп, ерте темір дәуіріне жататын қорғаннан ерекше құнды бұйымдар тапты.

Далалық зерттеулер барысында қорғанның бірнеше рет тоналғаны, соңғы рет өткен жылы ғана тоналып кеткені анықталды. Осыған байланысты Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы археологтардың күшімен аталған тарихи ескерткішті зерттеуді жөн деп тапты.

Мамандардың пікірінше, қорған элиталық болып саналады. Оның биіктігі – 3,4 м, диаметрі – 40 м. Айналасы ормен қоршалған. Тонаушылар батыс жағынан қазып, біртіндеп орталық бөлігіне қарай өткен. Далалық зерттеулер тонаушылар ашып кеткен ұңғыма-шұңқыр орнындағы қорғанның орталық бөлігінде жүргізілді. Бастапқыда қазба 5х5 м көлемде болды және ескерткіш конструкциясына орай кеңейтілді. Қазба барысында тас сауыт және өзге де конструкциялар, сондай-ақ тонаушылардан қалған шашылып жатқан ірі тастар, тастақтайшалар анықталды.
Археологиялық экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байқонақов былай деді:

«Қорғанның төбесінен есептегенде шамамен 5 м тереңдіктен екі мола шұңқыры анықталды. Бірінші қабір шұңқыры толықтай тоналған. Бұл жерден қойдың жауырын сүйегін ғана табу мүмкін болды. Бұл сүйек ғұрыптық ас қалдығы болуы мүмкін. Екінші қабір шұңқырынан ер адамның сүйек қалдықтары, екі керамикалық ыдыс, мал сүйектері, қызғылт түсті ағаш қынабы бар ақинақ-семсер табылды. Ақинақ тұсында металл және сүйек қапсырмалар жатты. Сонымен қатар қоладан жасалған қорамсақ ілгегі, қола оқшантай мен ине, алтыннан дайындалған ілмекшелер табылды. Табылған алтын бұйымдар: белдік ілмешегі, түтікше, сондай-ақ мысық тұқымдасына жататын аң бейнелі айылбастар. Табылған бұйымдардың ішіндегі ең ерекшесі – шебердің қолынан шыққан, әдемі безендірілген жылан-айдаһар бейнелі сүйек қапсырма. Мұндай олжа отандық археологияда сирек кездеседі. Ол өңірдегі ежелгі тұрғындар арасында жылан, айдаһар немесе жылан-айдаһар культы таралғанын көрсетеді».

Мамандардың сөзінше, қазылған қорғанды бұдан екі мың жылдай бұрын Жетісуды мекендеген юечжи немесе үйсін мәдениеттерімен байланыстыруға болады. Бұдан ары қарай археологтар зертханалық жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық бұйымдарға арнайы зерттеу жүргізіліп, ғылыми талдаулар жасалады. Кейбір олжалар «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық лабораториясында қалпына келтірілетін болады.

Айта кетейік, бұл жұмыстар «Жетісу облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» мен Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тапсырысы аясында іске асты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1872 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3443
15 мая родились
Гульшара Абдыкаликова
экс-аким Кызылординской области
мажоритарный владелец Alageum Group
Нуртай Абыкаев
президент Казахстанской академии естественных наук
Forbes Video

Алексей Ли: как бизнесмены нового поколения развивают Казахстан

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить