Қорғаныс министрлігіне Өзбекстанның әскери делегациясы келді

Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласовтың Өзбекстан Қорғаныс министрінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары полковник Зоиржон Бозорбоевпен кездесуі өтті.

Генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов өзбек әріптесін Қазақстан Қарулы күштерінің тыл, медициналық қамтамасыз ету және әскери инфрақұрылым бастығының бас басқармаларынан тұратын тылдық, медициналық және пәтерлерді пайдалануды қамтамасыз ету құрылымдарымен таныстырды.

Қазақстандық тарап меймандарға заттай мүлікпен, жанар-жағар маймен, тамақпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету және тұрғын үй қорын күтіп ұстау тәжірибесін ұсынды. Азық-түлік сапасын бақылау үшін барлық сарбаздар мен курсанттардың асханаларында өткен жылдан бастап планшеттер орнатылып, жұмыс істейтіні атап өтілді. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметтерді бағалау аналогы бойынша құрылған жүйе әрбір әскери қызметшіге дайындалған тағамның сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Ол қайта құру ауқымы мен тыл қызметінің маңыздылығын:

«Тылдық, медициналық және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жүйесі, оның ішінде кәсіби кадрларды даярлау, қызметтерді техникамен және техникалық құралдармен қайта жарақтандыру, инфрақұрылымдық даму, материалдық қорларды ұстау және жинақтау реформалау мен жетілдірудің барлық кезеңдерінен өтті. Бүгінгі таңда Тыл әскерлердің қорғаныс әлеуетін, күнделікті, оқу және жауынгерлік өмірін қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие», – деп атап өтті.

Кездесуде тылдық қамтамасыз ету, құрылыс және әскери инфрақұрылымды ұстап тұру бағыттары бойынша кешенді консультациялар өткізілді. Осы саладағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Шетелдік қонақтар үшін Ұлттық қорғаныс университетіне, Щучинск қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжіне және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1756 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3443
15 мая родились
Гульшара Абдыкаликова
экс-аким Кызылординской области
мажоритарный владелец Alageum Group
Нуртай Абыкаев
президент Казахстанской академии естественных наук
Forbes Video

Казахстан в кольце друзей или врагов?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить