ЕАЭО-да мұнай паспортының бірыңғай нысаны белгіленген

2023 жылдың 1 қарашасында кәсіпкерлердің Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттау үшін еркін нысанда берген мұнай паспорттарының қолданылу мерзімі аяқталатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 29 тамызында Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 045/2017) өзгерістерді бекітті.

Бұл өзгерістер мұнай үлгілерін (сынамаларын) сынау кезінде алынған мұнай көрсеткіштерінің нақты мәндерінің ЕАЭО ТР 045/2017 талаптарына сәйкестігін растайтын мұнай паспортының бірыңғай нысанын белгілейді.

Егер бұрын ЕАЭО ТР 045/2017 сәйкестігіне мұнай паспорттарының нысандарын шаруашылық жүргізуші субъектілер мұнайды қабылдау/тапсыру операцияларын жүргізу кезінде өздерінің жауапкершілік аймағында жеке әзірлеген болса, қазір "бестікке" бекітілген бірыңғай нысан қолданылатын болады.

Бұл техникалық регламенттер талаптарын түсіндіруге және сатылатын өнімнің қауіпсіздігіне бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етеді.

ЕЭК Кеңесінің шешімі ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінен бастап күшіне енеді және ЕАЭО кедендік аумағында айналымға жіберілген мұнайды өндірушілер мен импорттаушыларды бірыңғай нысан бойынша төлқұжаттар беруге міндеттейді. Осы уақытқа дейін жіберілген барлық төлқұжаттар 1 қарашадан бастап жарамсыз болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1929 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3443
15 мая родились
Гульшара Абдыкаликова
экс-аким Кызылординской области
мажоритарный владелец Alageum Group
Нуртай Абыкаев
президент Казахстанской академии естественных наук
Forbes Video

Кунсулу Закарья: Биолаборатории, новый всплеск ковида и учёные без денег

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить