ҚМА «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ мемлекет пайдасына өтуін қамтамасыз етті

Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ заңсыз жекешелендіру фактісі бойынша тергеуді жалғастыруда.

Тергеу барысында «Бәйтерек» «ҰБХ» АҚ меншігіне құны 63,3 млрд теңге болатын ҚИҚ-ның 100% акциясын қайтару қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеу басталған кезде Қордың Қазақстанның Даму Банкі алдында 18,7 млрд теңге көлемінде борышы болған.

Агенттікпен қабылданған шаралармен, соның ішінде қолма-қол ақшамен өтеу есебінен (9,2 млрд теңге сомасына дебиторлық берешекті қайтару қамтамасыз етілді) берешек үш есеге төмендетілді (18,7 млрд теңгеден 6,3 млрд теңгеге дейін).

Сонымен қатар, 12 еншілес компания Қордың бақылауына қайтарылды. Бұл металл конструкцияларын, жол және құрылыс битумын шығару, шиналарды және ірі қара малдың терісін қайта өңдеу, қағаз-картон өнімдері, желімделген ағаш конструкциялар, бағыттамалы бұрмаларды шығару зауыттары және полиграфия.

ҚИҚ балансына Алматы қаласындағы бизнес-орталықтың ғимараты және Алматы облысындағы құны 1,6 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды.

Сондай-ақ, «Dosjan Temir Joly» АҚ жылына небәрі 100 млн теңгеге 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт жойылды. Кәсіпорынның 2022 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 1,3 млрд теңгені құрағанымен, бастапқы бағалау кезінде бұл ескерілмеген.

Активтерді мемлекет пайдасына қайтару жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2142 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3443
15 мая родились
Гульшара Абдыкаликова
экс-аким Кызылординской области
мажоритарный владелец Alageum Group
Нуртай Абыкаев
президент Казахстанской академии естественных наук
Forbes Video

Лилия Рах: Из деревни - к звёздам мировой индустрии моды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить