Қарағанды облысының прокуратурасы маңызды инвестициялық жобаларға қолдау көрсетеді

Мемлекет басшысы атап өткендей, экономиканың өсуі үшін ең маңызды ресурс инвестиция тарту болып табылады.

Қарағанды облысында 401,4 млрд теңге сомасына 36 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Уәкілетті органдар инвесторлармен тиісті түрде жұмыс жүргізбейтіні, олардың заңды құқықтары бұзылатыны анықталды.

Мысалы, инвестор «KyzylArayCopper» ЖШС 700 жұмыс орнын беретін, құны 112,5 млрд теңге болатын «Алмалы-2» тау-кен өңдеу кешенінің құрылысы" жобасын іске асыруда.

Жобаны іске асыру барысында инвестор шаруа қожалықтарымен келісімге келе алмағандықтан, ауыл шаруашылығы жерлері арқылы өтетін электр желілерін салуды ұзақ уақыт бастай алмаған.

Іске асырылып жатқан жобаның маңыздылығына қарамастан, жергілікті атқарушы орган мәселені шешуге ешқандай шара қолданбаған.

Ол аздай, Шет ауданының әкімі «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандум бекіткен және онда инвестор үшін ауыртпалық түсіретін міндеттемелер қарастырған.

Облыс прокуратурасының араласуынан кейін Меморандумның күші жойылды, жер пайдаланушылармен келісімге қол жеткізілді және электр желілерінің құрылысы жалғастырылды.

Инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Фронт – офис құрылды және Қарағанды облысы прокуратурасының мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейді (байланыс телефоны +7 778 099 91 11).

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2015 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3443
15 мая родились
Гульшара Абдыкаликова
экс-аким Кызылординской области
мажоритарный владелец Alageum Group
Нуртай Абыкаев
президент Казахстанской академии естественных наук
Forbes Video

Кунсулу Закарья: Биолаборатории, новый всплеск ковида и учёные без денег

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить