Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп, Целиноград ауданында ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен Астана және Ақтөбе қалаларында үш азамат ұсталды.
Тінту кезінде 40 кг синтетикалық есірткі, 7 тонна прекурсорлар және зертханалық жабдықтар анықталып тәркіленді.
Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Соттың санкциясымен ұсталғандарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Вам может быть интересно: «Очередь из 410 грузовых фур наблюдается на границе Кыргызстана и Казахстана»
