Ұлттық ядролық орталықтың авторлар ұжымына мемлекеттік сыйлық беріледі

ҚР Президенті Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімін қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2023 жылғы мемлекеттік сыйлығы «Қазақстан Республикасының атом-энергетика саласын құруға және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға арналған әлемдік деңгейдегі зерттеулер мен әзірлемелер» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының және Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Эрлан Ғаділетұлы Батырбековке;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Атом энергиясы институты» филиалы директорының бірінші орныбасары, техника ғылымдарының кандидаты Виктор Владимирович Баклановқа;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары, философия докторы (PhD) Владимир Анатольевич Витюкке;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас инженерінің орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты Денис Борисович Зарваға;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Атом энергиясы институты» филиалы директорының материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Ерболат Тайтөлеуұлы Қоянбаевқа;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Мәжін Қанапияұлы Сқақовқа;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Атом энергиясы институты» филиалының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ирина Лашкаровна Тәжібаеваға;

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Атом энергиясы институты» филиалының термоядролық зерттеулер бөлімінің басшысы, философия докторы (PhD) Бауыржан Жамбылұлы Шектібаевқа берілсін.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жыл

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2095 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2737
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

Руслан Шаекин: Миллионер из Караганды

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить