Астанада тағы бір газ жылу станциясының құрылысы басталды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында тағы бір газ жылу станциясының құрылысы басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Тағы бір «Телман» газ жылу станциясының құрылысын бастадық. Бұл энергия көзінің қуаты сағатына 600 Гкалды құрайды. Қазіргі уақытта бұл нысанда қазандық ғимаратын салу жұмысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ жылу-механикалық жабдықтарды ішінара жеткізу орындалды.

Нысанды толық аяқтау 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Бұл газ жылу станциясы «Бағыстан» тұрғын үй ауданы, халықаралық әуежай, Пригородный елді мекені және т.б. аумағындағы перспективалы құрылыстарды жылумен қамтамасыз етеді.

Биыл күзде «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясының, «Тұран» газ жылу станциясының бірінші кезеңінің құрылысын аяқтадық. Қазіргі жылыту маусымында олар сағатына 700 Гкал күш береді.

Мәселен, «Оңтүстік-Шығыс» станциясы құрылысы қарқынды аумақтарды жылумен қамтамасыз етеді: Мыңжылдық аллеясы, «Нұрлы жол» вокзалы, «Бағыстан» тұрғын ауданы және т.б. «Тұран» станциясы – қаланың сол жағалауындағы жаңа құрылыс аудандарын қамтиды.

Осылайша, жүйелі түрде инфрақұрылым нысандары мен инженерлік желілерді салумен айналысамыз.
Өйткені қалада өмір сүру қолайлылығы олардың үздіксіз жұмысына байланысты», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2775 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2737
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

Түркияның IT-нарығын бағындырған қазақ кәсіпкері

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить