Роман Скляр Аньхой провинциясының губернаторымен кездесу өткізді

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Аньхой провинциясы (ҚХР) Халық үкіметінің төрағасы Ван Цинсяньмен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен провинция арасында түрлі салалардағы өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті мәселесін талқылады, сондай-ақ оның одан әрі даму перспективалары туралы пікір алмасты.

Атап айтқанда, Роман Скляр қазақстандық тараптың Аньхой провинциясымен сауда-экономикалық, индустриялдық-инвестициялық, көлік-логистикалық салаларда тығыз кооперацияны дамытуға мүдделі екенін атап өтіп, қытайлық әріптестерді Қазақстанның өндірістік, инвестициялық және сауда-саттықтағы кең мүмкіндіктерін белсенді түрде зерттеуге, ҚР-ның іскер топтарымен өзара тиімді байланыс орнатуға шақырды.

Өз тарапынан Ван Цинсянь ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары көтерген мәселелердің маңызын атап өтіп, провинцияның Халық үкіметі оларды белсенді түрде пысықтауға дайын екенін білдірді. Халық үкіметінің төрағасы өңірдің жетекші компанияларының қазақстандық кәсіпорындармен табысты ынтымақтастығына ерекше назар аударды, сондай-ақ Қазақстан өңірлерімен тығыз байланыс орнатуға қызығушылық білдірді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша байланысты қолдауға келісті.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3601 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2737
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

Жаксылык Сабитов: Почему Кунаев стал ролевой моделью для Токаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить