ҚР СІМ басшысы Еуропалық Одақ өкілдерімен және еуропа елдерінің Сыртқы істер министрлерімен кездесулер өткізді

«Орталық Азия – Еуропалық Одақ» Министрлік кездесуінің 19-шы отырысының аясында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу еуропалық институттардың жоғары өкілдерімен және ЕО елдерінің СІМ басшыларымен бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізді.

Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еурокомиссияның Вице-президенті Жозеп Борреллмен Астана мен Брюссель арасындағы қатынастардың өзекті жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары талқыланды.

Тараптар жоғары және аса жоғары деңгейдегі саяси диалогтың оң динамикасын атап өтті. Жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзекті сын-қатерлерге, сондай-ақ Еуроодақ тарапынан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық бастамаларына қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды.

Халықаралық әріптестік жөніндегі еурокомиссар Ютта Урпилайненмен келіссөздер барысында цифрландыру саласындағы ынтымақтастыққа, атап айтқанда тұрғындары аз елді мекендерді спутниктік интернетпен қамтамасыз етуге және Орталық Азия өңірінің көлік секторының жұмсақ инфрақұрылымы бойынша ұсынымдарды енгізуге баса назар аударылды.

Аймақаралық ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде климаттың өзгеруіне қарсы күрес, су проблемалары, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі және көліктік өзара байланыс ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаламен кездесудің негізгі тақырыптарына айналды. Тараптар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Испанияның Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес, Польшаның Сыртқы істер министрі Збигнев Рау, Румынияның Сыртқы істер министрі Луминита Обобеску, Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийарто және Эстонияның Сыртқы істер министрі Маргус Цахкнамен екіжақты ынтымақтастық пен көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша жемісті пікір алмасу өтті. СІМ басшылары халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді».

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3785 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2735
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
11 мая родились
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Курмангазы Исказиев
и.о. председателя правления НК «КазМунайГаз»
Forbes Video

Нурлан Смагулов: Цены на авто, утильсбор, долги MEGA, «агашки», аукционы, бизнес за границей

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить