Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ІV Азия пара ойындарында елордалық Ақмарал Науатбек чемпион атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз финалдық белдесуге дейін қарсыластарын айқын ұтты.20
Алтын медаль үшін күресте Қытай қызы Ли Личинді жеңді.
Жарыстан кейін сұхбат берген Азия ойындарының чемпионы жеңісін барша қазақ еліне арнайтынын мәлім етті.
«Жеңісімді Қазақ еліне арнаймын. Келе жатқан Республика күні құтты болсын!» - деп бөлісті.
Вам может быть интересно: «Министр юстиции Украины: власти больше не опасаются преследовать олигархов»
