Елордалық әуежайда жүк ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Елордалық әуежайда жүк ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының халықаралық әуежайында соңғы уақытта жолаушылардың чемодандарын рұқсатсыз ашып, ондағы ақшалай қаражатын, алтын бұйымдарын және басқа да бағалы заттарын ұрлау жағдайларының өсуі тіркелді.

Мәселен 2023 жылдың тамызында “Астана – Стамбул” бағытының жолаушысы ұшып келгеннен кейін чемоданынан 19 мың АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражатының жоғалғанын анықтады. Жол жүгінен 7 800 АҚШ долларын ұрлау туралы дәл осындай өтініш “Астана – Дубай” бағытындағы әуе рейсінің жолаушысынан да келіп түсті.

Осыған байланысты, көлік полицейлері көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен әуе айлағында жүк тиеуші болып жұмыс істеген 6 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.

Ұсталғандар өз кінәларын мойындады. Ақшалай қаражаттың бір бөлігі алынып, иелеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, күдікті тұлғалардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар тергеу органы ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде елордалық әуежайға қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізді, бұл соқыр зоналарды алып тастау, қызметкерлерге қойылатын талаптарды қатаңдату және басқа да шаралар. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4351 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2735
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
11 мая родились
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Курмангазы Исказиев
и.о. председателя правления НК «КазМунайГаз»
Forbes Video

Айдын Аимбетов: Я готовился шесть лет, чтобы полететь в космос

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить