Астанада бос жұмыс орны жәрмеңкесінде екі мыңға жуық орын ұсынылды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылған жәрмеңкеге 70 шақты мекеме қатысып, 2 мыңға жуық бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл - биыл өткізілген алтыншы іс-шара.

«Жыл аяғына дейін бұл жәрмеңкелердің саны онға жуықтайды. Алдыңғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 200 жас жұмыспен қамтылды. Осы жолы мыңға жуық жұмыс іздеуші келіп отыр. Біз екі апта бұрын жұмыс берушілерге хабарласып, қандай бос жұмыс орнын ұсына алатындарын сұрап-білдік. Қазір университет алаңында мемлекеттік мекемелерден бастап, жеке кәсіпкерлік өкілдеріне дейін қатысып, мамандардан түйіндемелер қабылдап, әңгімелесуде», - деді Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ маманы Әсел Болатқызы.

Аталған жәрмеңкеде жұмыс іздеуші жастармен қоса жоғары курстың студенттері іс-тәжірибеден өту үшін мекемелермен келісім жасады.
«Осы білім ордасынан жылда 5 мың түлек бітіріп шығады. Сол студенттеріміз мамандығына сай жұмыс табуы үшін университетіміздің алаңында бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің өтуі - үлкен көмек. Университетімізде мұндай іс-шара жыл сайын екі мәрте өткізіліп тұрады. Түйіндемелерін әкеледі, жұмыс берушілермен сұхбаттасады. Әр жәрмеңкеде жүмыс іздеуші жастардың шамамен 20-30 пайызы мамандықтарына сай жұмыс тауып жатады», - деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің карьера және бизнес әріптестік бөлімі басшысы Гүлнұр Смағұлова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, таңертең 11.00-де басталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 2-3 сағатқа созылады.

Айта кетейік, аталған ауқымды іс-шараны Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ұйымдастырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4362 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2736
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить