Ақмола облысында Республика күніне орай алып ту жайылды

Республика күніне орай Ақмола облысының «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері Көкшетаудың Орталық алаңында Мемлекеттік туды жаю акциясын өткізді.

«Менің Елім-Менің туым» акциясына «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшелері мен 55:10 әскери бөлімінің оркестрінен құралған 250-ден астам адам қатысты. Жиналғандар Мемлекеттік туға және Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін білдіру үшін алаңға ұзындығы 24 метр, ені 12 метр болатын туды алып шықты.

«Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешов атап өткендей, Мемлекеттік ту – егемендігіміз бен біртұтастығымыздың символы. Оны құрметтеу кез келген қазақстандықтың міндеті.

«Біз осынау акцияға жастардың белсенділік танытып, бір адамдай болып қатысқанына қуаныштымыз. Бұл біздің жастарымыздың уақытпен бірге жүруіне және ұлттық дәстүрлерімізге деген құрметін көрсетеді. Мемлекеттік туымыз әрқашан біздің бірлігіміз бен күшіміздің символы болып қала береді. Әрбір отандасымыз өз Отанымен және онымен байланысты барлық нәрселермен мақтана алатын болады», – деді Сұлтанбек Бекешев.

Айта кетсек, бұдан бұрын Республика күніне орай Ақмола облысының 49 950 тұрғынына материалдық қолдау көрсетілетінін жазған едік.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3851 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2736
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

Андрей Звягинцев: откровенное интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить