Сенат Бас прокуратура мен Кипр арасындағы халықаралық келісімдерді ратификациялады

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Бас прокуратура әзірлеген Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы Ұстап беру және Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттарды ратификациялады.

Келісім-шарттарға 2022 жылдың 20 қазанында Никосияда қол қойылған болатын.

Ұстап беру туралы келісім-шарт іздеуде жүрген адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау үшін ұстап беруді реттейді.

Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімде қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеуге бағытталған процессуалдық әрекеттер қарастырылған.

Жалпы, соңғы үш жылда Бас прокуратура шет мемлекеттерден іздеуде жүрген 116 күдіктіні немесе қылмыскерді елге қайтарып, шет мемлекеттерге 260 адамды экстрадициялаған.

Қазақстандық құқық қорғау органдары шетелдік серіктестердің 550 халықаралық тергеу тапсырмасын жүзеге асырса, шет мемлекеттердің құзырлы органдары қазақстандық тараптың 600-ден астам сұранысын орындаған.

Бұл саладағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту жұмысы Бас прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3303 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2736
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

Глава банка ВТБ (Казахстан) — об уроках пандемии, развитии финтеха и конкуренции с необанками

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить