Еуропа Одағы мен Қазақстан шикізат ресурстары мәселесінде ынтымақтастық орнатты

2023 жылғы 25-26 қазан аралығында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мен «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ төрағасы Ерлан Ғалиев Брюссель (Бельгия) қаласында өткен «Global Gateway» форумына қатысты.

«Жасыл» энергетика мен «жасыл» сутегіге көшу, инфрақұрылымды дамыту, маңызды шикізат ресурстары мен көлік дәліздері мәселелеріне арналған шараны Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен ашты.

Сапар барысында қазақстандық делегация сирек кездесетін металдар мәселесіне арналған панельді сессияға қатысып, тараптармен ортақ серіктестік мәселесін талқылады. Сондай-ақ, Иран Шарханұлы мен Ерлан Ғалиев еуропалық ұйымдардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

«Аталған форум аясындағы – сирек кездесетін металдарды дамыту тақырыбына арналған сессия маңызды мәселелердің бірі болды. Сессия барысында еуропалық әріптестерімізге шикізат ресурсына қатысты Қазақстан әлеуетін таныстырдық. Кездесулерде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында шикізат ресурстары, логистика саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды»,-деді вице-министр.

Форум барысында Global Gateway бағдарламасы аясында іске қосылған алғашқы 89 флагмандық жобаны жүзеге асыру басталды. «Global Gateway» ұйымдастырушысы Еуропа Одағы.

Анықтама: «Global Gateway» форумы ЕО және серіктес елдерден 40-тан астам жоғары лауазымды үкімет өкілдері, қаржы институттары, соның ішінде Еуропалық инвестициялық банк және Еуропалық қайта құру және даму банкі, жеке сектордың, азаматтық қоғам өкілдерінің басын қосқан жиын.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3740 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2735
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
11 мая родились
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Курмангазы Исказиев
и.о. председателя правления НК «КазМунайГаз»
Forbes Video

Как казахи хотели Чингисхана «украсть»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить