KazAID және ЮНИСЕФ дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі және ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік кеңсесі балалардың құқықтары саласындағы серіктестікті одан әрі кеңейту үшін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін бастамаларға деген айнымастықты және оларға қолдау көрсетуді растайды. Қол қою рәсіміне «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов және ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік кеңсесі директорының орынбасары Октавиан Бивол қатысты.

Келісім шеңберінде ЮНИСЕФ пен KazAID сапалы инклюзивті білім беруде және цифрлық оқытуда, балалар кедейшілігін азайтуда және климат өзгерісі салдарын жеңілдетуде және оларға бейімделуде қолдау көрсете отырып, балалардың құқықтарын қорғауға, Орталық Азия елдерін даму мақсатында көрсетілетін көмекке қатыстыруға және 2030 жылға қарай орнықты даму мақсаттарына сәйкес міндеттемелерін орындауға көмек көрметеді.

Ынтымақтастық балалар мен жастардың ең игі мүдделері үшін елеулі жетістіктерге қол жеткізу мақсатында күш біріктіру арқылы серіктестік тұрғысынан мүмкіндіктер тудырады.

«KazAID балалар мен жастардың дамуына жағдай жасауға, білім сапасын арттыруға және денсаулығын нығайтуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға мүдделі», – деп атап өтті А .Арыстанов.

«Балалардың құқықтарын қорғау, балалар мен отбасылар үшін тұрақты нәтижелерге қол жеткізу ынтымақтастық пен айнымас серіктестікті талап етеді. Біз Орталық Азиядағы және одан тыс жерлердегі балалардың өмірін жақсарту бойынша KazAID-пен жұмысты жалғастыруға қуаныштымыз», – деп атап өтті О. Бивол.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2357 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4038
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2736
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3438
Forbes Video

Жаксылык Сабитов: Почему Кунаев стал ролевой моделью для Токаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить