Қазақстанның Эстониядағы Елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Ғылым академиясының президенті Тармо Соомермен кездесу өткізіп, онымен ғылым мен білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар тараптар академиялық алмасуларды жүзеге асырудың және білім беру мекемелері арасындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша әртүрлі жолдарын қозғады. Сондай-ақ екі елдің ғылым академиялары арасында ынтымақтастық туралы келісім жасасу мүмкіндігін қарастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Н. Сейтімов Қазақстанда ғылыми базаны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар, шетелдік академиялық топтармен ынтымақтастықты жолға қою және зерттеу жұмыстарын перспективалы бағыттарда ілгерілету жөніндегі ағымдағы бастамалар туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты байланыс орнату үшін нақты қадамдарды бастау қажеттігі атап өтілді.
