Қазақстан командасы Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында параволейболдан күміс медаль жеңіп алды.
Алтын медаль үшін тартысты ойында Қазақстан құрамасы Иран командасына есе жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында келесі жылы Парижде өтетін Паралимпиадаға жолдама алған болатын.
