Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстер саны артып келеді

Осылайша Бангкок қаласында Қазақстан мен Таиландтың авиациялық билік органдары өкілдері арасында келіссөздер өтті. Қазақстан Республикасы тарапынан барған делегацияны Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тимур Тлегенов, Таиланд Корольдігінің делегациясын жергілікті Азаматтық авиация басқармасы бас директорының орынбасары Сарун Бенджанират бастап барды.

Келіссөздер барысында екі тарап әуе қатынасы туралы жаңа үкіметаралық келісім жасасу мүмкіндігін және екі ел арасындағы әуе тасымалына сұраныстың артуына байланысты рейстер санын одан әрі ұлғайту мәселесін талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандумға сәйкес рұқсат етілген рейстердің жалпы саны 35,4%-ға ұлғаяды (аптасына 402-ден 544-ке дейін). Атап айтқанда, Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Бангкок, Пухкет, Краби, Утапао қалалары арасында аптасына 84 рейс, ал қалған бағыттарда аптасына 10 рейске дейін.

Қазақстан мен Таиланд арасындағы рейстер санының артуы екі ел арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, Таиланд Корольдігінің Үкіметі биылғы 25 қыркүйектен бастап келесі жылдың 29 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізген болатын. Енді қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін сәйкесінше виза талап етіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5117 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4037
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2733
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3436
11 мая родились
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Сержан Абдыкаримов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Азербайджанской Республике
Курмангазы Исказиев
и.о. председателя правления НК «КазМунайГаз»
Forbes Video

Что будет с экономикой Казахстана в 2021 году? Мнение экспертов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить