"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы шахтасында қаза тапқан 36 кеншінің денесі табылды. Олардың жиырма тоғызы жер бетіне көтерілді. 10 кеншіні іздеу жалғасуда.
Авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының 10 тау-кен құтқару бөлімшесі жұмылдырылды.
Газ жағдайын бақылау жалғасуда.
