Ермағанбет Бөлекпаев: Меншік иесінің ауысуы «АрселорМиттал Теміртау» міндеттемелерін орындауына әсер етпейді

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ меншік иесінің ауысуы компанияның ұжымдық шартта жазылған міндеттемелерін орындаудан босатпайды, бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты.

– Ең алдымен қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтқым келеді. Бүгін Мемлекет басшысы қаза тапқан кеншілердің туыстарымен кездесу барысында әкімдік пен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы тарапынан отбасыларға материалдық көмек көрсетілуі керектігі туралы нақты тапсырмалар берді. Бұл тапсырмалар орындалады. Ұжымдық шартта көзделген барлық міндеттемелер толық көлемде орындалатын болады. Республикалық бюджет пен әлеуметтік сақтандыру тарапынан асыраушысынан айрылу бойынша арнайы жәрдемақылар тағайындалатын болады, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Аймақ басшысы меншік иесінің ауысуынан компания барлық жауапкершіліктен қашып құтылады деген болжамдар мен қауесеттерді жоққа шығарды.

Шахтада апаттың мән-жайы мен себептерін анықтайтын үкіметтік комиссия жұмыс істейді.

ТЖ Министрі Сырым Шәріпханов іздестіру-құтқару жұмыстары барлық жоғалған адамдарды тапқанға дейін тәулік бойы жүргізілетінін атап өтті.

– Жұмыстар тоқтаусыз, ауысыммен жүргізілетін болады, бұл үшін бар күшімізді саламыз. Кеншілердің туыстарына көмек көрсету үшін барлық психологтар, дәрігерлер жұмылдырылды, – деп атап өтті Сырым Шәріпханов.

Апаттың мән-жайы туралы "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Силинский айтып берді. Оның айтуынша, өрт 48 К3 лавасында, бекітпе секцияларының артында болған. Шұғыл түрде апатты жою жоспары енгізілген.

– 7– 8 минуттан кейін шахтада апаттық учаскеде жарылыс болды. Жарылыстың күшінкн батыс және шығыс блоктардағы коммуникациялар істен шықты. Соққы толқынының астында апаттық аймақ қана емес, сонымен қатар шығыс блокта орналасқан K2 лавасы да қалып қойды. Соққы толқынының таралу қашықтығы екі шақырымнан асты. Осыдан кейін адамдарды іздеуге бағытталған бірінші бөлім шахтада жергілікті өрт ошақтары бар екенін хабарлады, – деп түсіндірді Геннадий Силинский.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4242 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4037
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2733
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3436
10 мая родились
Нуржан Бекшенов
бизнесмен, владелец инвестиционной группы «Позитив»
Есенгали Байменов
генеральный директор ТОО «Меркур Холдинг»
Forbes Video

Что не так с национальной политикой Казахстана?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить