"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы шахтасында қаза тапқан 45 кеншінің денесі табылды, тағы бір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.
Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесінің аумағында жүргізілуде.
Кеншілер қалуы ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуіне барлық мүмкіндіктер жасалуда.
Көзге көрінетін жану ошақтары байқалмаған, газ жағдайы қалыпты.
