Астанада заманауи үстел теннисі орталығының ашылуы өтті

«Дәулет» МКҚК спорт кешенінің қызметі туралы Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов пен Астана қаласы әкімдігінің «Дәулет» МКҚК басшысы Дина Темиргалиева айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қолжетімді спорт» бағдарламасын жүзеге асыру аясында - бұқаралық спортты және дене шынықтыруды дамыту, теннисті танымал ету мақсатында жаз айларында Астана қаласының саябақтары мен мектептерінің 13 ашық теннис кортында балаларға арналған тегін теннис сабақтары өткізілді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында теннистен «Президент кубогы» халықаралық турнирі өтті. Халықаралық аренада алғаш рет өнер көрсеткен қалалық спорт басқармасына қарасты «Дәулет» теннис орталығының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Жас және өршіл спортшылар тамаша шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарды жеңіп алды. Атап айтқанда, Маманфина Аделина жекелей сында бірінші орын иегері атанып, жеңіске жетті. Сондай-ақ, Айша Сайран жекелей сында жүлделі үшінші орынға ие болды. Ал, жұптық сайыста басқа елдің спортшысымен өнер көрсеткен елордалық Даниал Шалхимбаев үздіктер қатарынан көрінді.

Жылдың басында Астана қаласының «Даулет» теннис орталығында арбадағы теннистен ел біріншілігі өткен болатын. Арбадағы теннис елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі болып табылады. Бұл спорт түрімен елімізде 150-ге жуық спортшы айналысады. Аймақтарда арбадағы теннистен 10-ға жуық жарыс өтті, ал республикалық деңгейде бұл үшінші өткізіліп тұрған жарыс. Биылғы жарысқа еліміздің 7 өңірінен 40-қа жуық спортшы қатысуда.

Қазақстандағы үлкен теннис Елена Рыбкина, Александр Бублик, Михаил Кукушкин және т.б. халықаралық турнирлердегі жеңістерінің арқасында танымал болды. Жас спортшылардың арасында жеңістер саны артып келеді, Альбина Какенова 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азияның алғашқы ракеткасы атанып, спорт шебері атағын алды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 2000-ға жуық бала тенниспен айналысады.

2020 жылдың ақпанында «Дәулет» спорткомбинатына әлемдік стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келетін, заманауи теннис кешені пайдалануға берілді. Кешенде HARD жабындымен 8 жабық корты және 5 ашық жазғы корттары бар. Функционалдық жаттығу залдары, душ бөлмесі және тамақтану аймағы, жайлы киім ауыстыратын бөлмелері бар. Орталықтың 10 кәсіби жаттықтырушысы бар, барлығы Қазақстан Республикасының теннис Федерациясында сертификаттаудан өткен.

«Дәулет» спорткомбинатының миссиясы олимпиадалық спорт түрінің спортшыларын тәрбиелеу. ATF әзірлеген теннисті дамыту бағдарламасын ұстана отырып, соның ішінде 5 жастан асқан балаларға арналған Baby tennis жүйесін пайдаланады. Бұл бағдарламалар теннис арқылы жастардың салауатты және бақытты болашағын қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар одан әрі жетілдіру бағдарламаларына енгізілуі мүмкін талантты ойыншыларды анықтауға көмектеседі.

2023-2024 оқу жылына спорттық-сауықтыру топтарында 550 бала бар.

- 5-6 жас аралығындағы 163 бала-қызыл доп;
- 7-8 жас аралығындағы 143 бала-қызғылт сары доп;
- 9-10 жас аралығындағы 10 бала-Жасыл доп.

Бюджеттік топтарға түсу үшін іріктеу критерийлері бар, спорттық-сауықтыру топтарында оқу кезінде жаттықтырушылар құрамы спортшылардың әлеуеті мен ұмтылысын бағалайды.

Биыл «Дәулет» спорткомбинатының тәрбиленушілері теннистен Қазақстан Республикасының чемпионатын жеңіп алды. А. Какенов пен В. Куфельд Қазақстан Республикасының спорт шебері атағымен марапатталды. 2023 жылы «Даулет» МКҚК-ның 11 спортшысы спорт нәтижелері бойынша Астана қаласы құрамасының құрамына кірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3818 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4037
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2733
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3436
10 мая родились
Нуржан Бекшенов
бизнесмен, владелец инвестиционной группы «Позитив»
Есенгали Байменов
генеральный директор ТОО «Меркур Холдинг»
Forbes Video

Владелец Line Brew: первое за 10 лет интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить