2023 жылдың 30 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өткізілді. Тақырыбы: Табиғи газды қауіпсіз пайдалану бойынша сақтық шаралары туралы. Спикерлер: Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Оразбеков Асхат Плалұлы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының апатты- диспетчерлік қызметінің басшысы Ерімбетов Базарбек Өтебекұлы, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы техникалық- өндірістік бөлімінің басшысы Бектұрғанов Ислам Аймырзаұлы.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жыл сайын жылу беру маусымы басталар алдында адам өмірі мен денсаулығы, мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бойынша іс-шараларды атқаруда.
2023–2024 ж.ж. жылу беру маусымы басталғалы облыс көлеміндегі тұрғын секторларда 13 өрт оқиғасы орын алды (2022-2023 ж. – 31), өткен жылмен салыстырғанда -2,3 есеге азайған.
Өрт оқиғасынан қаза болу, жарақат алғандар және улану фактілері тіркелген жоқ (2022-2023 ж.ж. – 2 адам қаза болды).
Орын алып жатқан жағдайлардың басым көпшілігі тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан пайда болуда.
2023 – 2024 ж.ж. жылу беру маусымында әр аптаның сенбі күндері облыс бойынша Департамент мамандары Полиция департаментінің қызметкерлерімен, қоғамдық бірлестіктердің волонтёрлермен бірлесіп, профилактикалық жұмыстарды атқаруда. Жылу беру маусымына дайындық кезеңі басталғалы 15 884 тұрғын үй секторының ауласы араланды. Тұрғындармен 150 рет кездесу ұйымдастырылып, оларға электр және газ баллон жабдықтарын, пеш және газ пештерін орнату, қолдану туралы өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Оның ішінде 416 тұрғын үйде 434 өрт қауіпсіздігі талаптырының бұзылу жағдайы анықталды.
Сонымен бірге көп қабатты тұрғын үйлердегі жертөлелер мен шатырларды паналап жүрген тұрғылықты тұрағы жоқ адамдардың темекі шегуі және ашық отты пайдалануда өрт оқиғаларының орын алу жағдайлары болдырмау үшін Полиция қызметкерлері мен пәтер иелері кооперативінің өкілдерін қатыстыра отырып, көпқабатты тұрғын үйлерде рейд өткізілді.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті мен Газ шаруашылығы саласындағы ұйым өкілдерінің қатысуымен газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын (тұрмыстық газ баллондар) пайдаланудағы қауіпсіздік мәселесі тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Ұйым қызметкерлеріне 105 рет нұсқаулық берілді, дәріс оқылды. Білім беру ұйымдарында 102 рет интерактивті және ашық сабақ өткізілді. Өрт сөндіру бөлімдеріне 33 рет экскурсия ұйымдастырылды. БАҚ-да өрттің алдын алу тақырыбында ақпараттар таратылды. Өрт қауіпсіздігі тақырыбында 10 брифинг ұйымдастырылды.
2023 жылғы қыркүйек айында Қызылорда облысының Полиция департаментімен бірлесіп, «Газбаллон» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Іс-шара барысында газбаллон жабдығын автокөлікке рұқсатсыз орнатқан 6 жеке тұлғаға полиция қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 590 бабының 7 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, тиісті шара көрді.»
Баспасөз-конференцияның соңында журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берілді.
