Маусым басталғалы бері Қазақстанда тұмау вирусы тіркелген жоқ – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың кезекті маусымы басталды. Қазақстанда жыл сайын тұмау вирусы қараша айынан басталып сәуір айының ортасына дейін жалғасады. Ағымдағы жылдың қазан айында республикада ЖРВИ-дің 638 208 жағдайы тіркелген, ауырған адамдардың 66%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 27%-ға төмен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 23-29 қазаны аралығында республикада ЖРВИ-дің 119 792 жағдайы тіркелді, өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 25,8%-ға төмендеді.

«Министрлік тұмау мен басқа да тұмауға жатпайтын вирустардың айналымына мониторинг жүргізіп отырады. Маусым басталғаннан бері тұмауға 2543 үлгі зерттелді, тұмау вирусы анықталған жоқ. Оң нәтижелердің негізгі үлесін риновирустар, бокавирустар, РС вирустары, аденовирустар, парагрипп құрайды», - деп хабарлады вице-министр.

Ол бүгінде тұмау ауруының алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация екенін атап көрсетті.

«Қауіпсіз және тиімді вакциналар қолжетімді және олар 60 жылдан астам қолданылып келеді. Ағымдағы жылы бюджет қаражатына 2,2 млрд теңге сомасына Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ +» вакцинасының 2 млн 414 мың дозасы сатып алынды. Вакцина құрамында алдағы маусымда болатын штаммға қарсы штаммдар бар. Бұл республика халқының 12%-ын қамтуға мүмкіндік береді, ДДҰ ұсынған көрсеткіш – кемінде 10%», - деп мәлім етті Айжан Есмағамбетова.

Оның дерегіне сәйкес, бүгінгі таңда 1 млн 516 мың адам егілді. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың осал топтары егіледі. Олар: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда, диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7509 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4553
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3276
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 4010
11 октября родились
Ермек Сагимбаев
председатель Комитета национальной безопасности РК
Forbes Video

Сможет ли война в Украине спровоцировать казахстанцев на новые массовые протесты

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить