2023 жылдың 23-27 қазан аралығында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне және Сауда министрлігінің аумақтық департаменттеріне 534 өтініш келіп түсті. Оның ішінде:
- 167 өтініш бойынша құқықтық көмек көрсетілді ;
- 201 өтініш бойынша қанағаттанарлық шешімдер қабылданды;
- 166 басқа да өтініштер.
Өткен 5 жұмыс күні ішінде тұтынушылардың құқықтары 37 млн. теңгеге қорғалды. Бұл ретте 6 өтініш тексеру жүргізумен қаралды, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы қайта бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 190-бабы бойынша айыппұл туралы 15 ескерту салынды.
Аумақтық департаменттерге жүгінген тұтынушылардың өтініштерінің қысқаша мазмұндары келесідегідей:
Шымкент қаласында кезекте тұрған көпбалалы тұтынушы пәтер сатып алды. Бірақ пәтерді қарау кезінде тұтынушы пәтердің сапасыз салынғандығына байланысты осы пәтерді сатып алу туралы шешімін өзгертті. Банкке жүгінген кезде оған ақша қаражатын қайтарудан бас тартылды. Осыған байланысты тұтынушы аумақтық департаментке жүгініп, тұтынушыға 16.1 млн. теңге қайтарылды.
Қарағанды облысында "* * * * * " құрылыс компаниясы өзінің шарттық міндеттемелерін орындамағаны үшін ақшаны қайтармайды. Аумақтық департаменттің көмегімен тұтынушыға 6 млн. теңге қайтарылды.
Сипаттамаға сәйкес келмейтін массаж құралдарын сату жағдайлары Алматы қаласында, Абай облысында, Жамбыл облысында болды. Тұтынушылардың жедел және уақытылы Департаментке жүгінулері арқылы тұтынушыларға шамамен 9.2 млн. теңге қайтарылды.
Тиісті және тиісті емес сападағы тауарлар Түркістан облысында болды, онда тұтынушыға сапасыз құрылыс материалдары үшін ақша айырбастаудан және қайтарудан бас тартылды.
Алматы қаласында тұтынушыға сапасыз теледидар, ал басқа тұтынушыға сапасыз сөмке сатылды, ал үшінші алматылыққа хайуанаттар бағында дұрыс қызмет көрсетілмеген.
Қызылорда облысында тұтынушыға сатып алынған тон үшін ақшаны қайтарудан бас тартылды. Елордада бір астаналықтың ноутбукпен, ал екіншісінің компьютерлік моноблокпен жолы болмады.
Павлодар облысының тұтынушысы сапасыз диван сатып алды. Алматы облысында тұтынушыға ноутбук пен принтерді айырбастаудан бас тартылды. Ақтөбе облысында тұтынушылардың біріне сапасыз Скутер сатылды. Қостанай облысының тұтынушысына сапасыз ұялы телефон үшін ақша айырбастаудан және қайтарудан бас тартылды.
Түркістан облысы тұтынушыға сапасыз онлайн курс үшін ақшаны қайтарудан бас тартты.
Аталған өңірлерде департаменттердің көмегімен тұтынушылардың құқықтары 6 млн. теңгеге қорғалды. Сондай-ақ, әрбір тұтынушыға күн сайын кездесетін өзге де бұзушылықтар бойынша жұмыс жүргізілуде, олар бойынша ҚР СИМ аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жүгінеді.
