Қазақстанда «Сіздің учаскелік полицей!» атты республикалық акциясы басталды

Акцияның мақсаты – әрбір тұрғынға жету және белгілі бір аумақта құқықтық тәртіпті нығайту, полиция жұмысы туралы ақпарат алу, сондай-ақ қызмет көрсетілетін әкімшілік учаске бойынша ақпаратты толық иелену, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында учаскелік полиция инспекторлары визит карточкаларын тарата отырып, пәтерлерді аралайды, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтап, ұсақ бұзақылық жасау, спирттік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендерді анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізеді.

Сонымен қатар учаскелік полицейлер тұрғындар құрған әлеуметтік желілердегі чаттарында белсенді байланыс орнатып, онда ақпарат пен шұғыл хабарламалармен алмасады. ІІО қызметін жетілдірудің басым бағыттарының бірі – азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату және әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жандандыру. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдар өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесулер өткізу, учаскелік полиция пункттерінде азаматтарды қабылдау жоспарлануда.

Акция барысында «Үздік учаскелік полиция инспекторы» атағына конкурс өтеді. Ол үш кезеңде өткізіледі. Басты мақсат – кәсіби және іскерлік қасиеттерге, сондай-ақ осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін ең құзыретті учаскелік полиция инспекторын анықтау.

Бүгінде елімізде 3 мыңға жуық учаскелік полиция пункті бар. 7 мыңнан астам учаскелік полицей қызмет атқарады, оның 3,9 мыңы – қалаларда, 3,4 мыңы – ауылдарда. Учаскелік учаскелерге барлығы 6 мың әкімшілік учаске бекітілді.

Аталған республикалық акция қараша айының соңына дейін жалғасады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2385 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4008
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2703
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3401
1 мая родились
Жетписбай Едигенов
генеральный директор АО «Алматинский завод тяжелого машиностроения»
Forbes Video

Берик Каниев: Мы не можем всю жизнь быть сырьевой страной

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить