Қажет қол санын жинамаған петициялар үндеу ретінде қаралатын болады – ҚР МАМ

Петиция институты заңмен реттелген алғашқы платформа болғалы отыр. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы баспасөз конференциясында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров осылай деді.

Оның айтуынша, заңда қазақстандықтарға электронды форматта және жазбаша түрде де петиция беру мүмкіндіктері қарастырылған.

«Әкімшілік-рәсімдік кодексте петиция беру және қараудың рәсімдері жеке қосымшамен реттелетін болады. Республикалық басқару нысанын, әкімшілік-аумақтық құрылымы және шекараларды өзгерту, сот төрелігі, рақымшылық, Ұлттық қауіпсіздік және басқа мәселелер бойынша петициялар беруге мүмкіндік болмайды», - деп нақтылады спикер.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі петицияларды қарау тәртібіне де тоқталып өтті.

«Петицияны аудандық жерде қарастыру үшін 2,5 мың адамның қолдауы керек болады, ал Үкімет қарайтын болса, ол жерде 50 мыңнан аса қолдаушылары болуы керек. Және де петицияны қарау барысында мемлекеттік орган бірқатар іс-шаралар жүргізеді, жұмыс топтарын құрады. Қоғамдық талқылау жасайды. Халықаралық тәжірибені зерделейді. Содан кейін шешім шығарады», - деді Данияр Қадыров.

Осы ретте ол петиция бойынша шешімді мемлекеттік органның бірінші басшысы ғана бере алатынын жеткізді. Ал қажет қолдау көлемін жинай алмаған петициялар назарсыз қалмайтынын хабарлады.

«Шекті мәнге жетпеген петициялар үндеу ретінде қарастырылып, әкімшілік-рәсімдік кодекс бойынша олар да қаралатын болады», - деп қорытындылады өз сөзін Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2585 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4008
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2703
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3401
1 мая родились
Жетписбай Едигенов
генеральный директор АО «Алматинский завод тяжелого машиностроения»
Forbes Video

Главы крупнейших частных школ Казахстана о том, растет ли качество среднего образования в стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить