Қорғаныс ведомствосында аумақтық қорғаныс мәселелері талқыланды

Қорғаныс министрлігінде қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың қатысуымен аумақтық қорғаныс және әскери инфрақұрылым жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің өзекті мәселелері төңірегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті.

Көшпелі отырыс жұмысына Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары, Қорғаныс министрлігінің басшылары мен командалық құрамы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Қаржы, Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Әділет, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық ұланның және облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің өкілдері қатысты.

Бейінді комитеттің хатшысы Айдос Сарым Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында аумақтық қорғанысты нығайту шараларын қабылдау міндетін айқындағанын атап өтті.

Қорғаныс ведомствосының басшысы аумақтық қорғаныс әскерлерінің мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды. Әлемнің көптеген елдерінің аумақтық қорғанысына Қарулы күштерді жұмылдыру, стратегиялық объектілер мен әскери және азаматтық инфрақұрылым элементтерін қорғау міндеттері жүктелген. Генерал-полковник Руслан Жақсылықов атап өткендей, Қорғаныс министрлігі жұмылдыру кезінде, әскери жағдайда немесе соғыс уақытында аумақтық қорғаныс қызметін заң жүзінде бекіту мәселесін пысықтады.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов депутаттарды облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық қорғанысының ағымдағы жай-күйін, шешілуі тиіс мәселелер мен оларды шешу жолдарын егжей-тегжейлі хабардар етті. Бас штаб бастығы аумақтық қорғаныс әскерлері мен бригадаларының негізгі міндеттерін айтып берді. Олар бейбіт уақытта қысқартылған құрамда ұсталып, ал төтенше немесе әскери жағдай режимдерін енгізу кезінде жергілікті халық арасынан әскери міндеттілерді шақыру жолымен өрістетіледі.

Отырыс барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкенов пен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың баяндамалары тыңдалды.

Бұл ретте аумақтық әскерлердің кейбір облыстардағы жабдықталу деңгейінің жеткіліксіздігі, қаржыландыру проблемалары, осы салада мемлекеттік бақылаудың болмауы және басқалары назарға алынды.

Бюджеттік қаржыландыру, аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру және инфрақұрылым құрылысы сынды проблемалық мәселелер жинақталып, көшпелі отырыс барысында айтылған сындарлы ұсыныстар бейінді комитеттің заң шығару жұмысында ескерілетіні атап өтілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4016 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4008
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2702
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3401
30 апреля родились
Замира Канапьянова
генеральный менеджер по связям с общественностью и правительством компании Шеврон Европа, Евразия и Ближний Восток
Forbes Video

Профессор Алмаз Шарман - об антиваксерах, БАДах, коллапсе медицины и замены врачей на роботов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить