Елімізде ірі сауда базарлары жаңартылады

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев сауда базарларын жаңарту жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

«Базарлар заманауи талаптарға сай болуы қажет. Тұтынушылар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы стационарлық ғимараттар, ең бастысы өрт, санитарлық және құрылыс қауіпсіздігі нормаларына сай болуы керек. Біз сауданың әртараптылығын қолдаймыз. Бірақ көлеңкелі сауда мен антисанитарияға жол жоқ», - деді министр елордада өткен брифингте.

Сонымен қатар министр базар әкімшілігі мен жалға алушылардың арасында регламенттің жоқтығы, жалдау ақысын көтеру, қосымша қызметтерді жүктеу сынды проблемалар бар екенін, шағымдар да көп түсетінін жеткізді.

«Проблемалардың бір бөлігі заңнамалық деңгейде шешілді. Меншік иелерінің сауданы ұйымдастырудағы жеке жауапкершілік енгізілді, базарларға қойылатын талаптар анықталды, базарларда цифрландыру және жаңғыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Smart QR-да бүгінгі таңда жүйеде 240 сауда объект тіркелген. Соңғы жылдары пандемия, геосаяси шиленістер салдарынан жаңғырту жұмыстары екі рет кейінге ысырылды. Енді 2025 жылға дейінгі сауда базарларын жаңғырту жол картасын әзірледік», - деді министр.

Ресми деректер бойынша Қазақстанда 722 базар (460 әмбебап, 262 мамандандырылған) жұмыс істейді. 2023 жылға елімізде 16 базарды жаңғырту жоспарланған. 2024 жылы – 24 базар, 2025 жылы 35 базар жаңартылады.

«Біз осы жылдың соңына дейін 11 базарды жаңартуды жоспарлап отырмыз. Олардың қатарында Алматыда – 6 базар (Байсат, Казына, Барыс-4, Өжет, Алматы-1, Түрксіб), Шымкентте Айна базары, Түркістан облысында – 4 базар (Күлпаршын, Орталық, Даулет, Алып) бар», - деді А.Шаққалиев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4356 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4552
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3275
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 4010
11 октября родились
Ермек Сагимбаев
председатель Комитета национальной безопасности РК
Forbes Video

Кризис логистики в Казахстане

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить