«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасымен педагогтер «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болады

Сапалы білімнің негізі педагогтердің әлеуетін үзіліссіз арттыруда жатыр. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында мәлім етті.

Оның айтуынша, педагогтердің кәсіби біліктілігін дамыту жүйесі түбегейлі өзгертілуде.

«Биыл 140 мыңнан аса педагог біліктілікті арттыру курстарымен қамтылады. Бұл ретте ауыл педагогтеріне басымдық берілуде. Олардың үлесі 70% құрайды», -деп атап көрсетті ведомство басшысы.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аса өзгермелі жағдайларда басқаруға дайын кәсіби көшбасшыларды іріктеу және даярлау үшін «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы қолға алынды. Оның бірінші кезеңі аяқталды.

«Қазіргі уақытта 210 қазақстандық педагог «педагогикалық білім беру» бағыттары бойынша «Болашақ»халықаралық бағдарламасы аясында шетелде тағылымдамадан өтуде. Педагогтерді ынталандыру мақсатында қызметінде жүрген тәжірибелі топ менеджерлер «Болашақ» бағдарламасымен үш-алты айлық тағылымдамадан өту үшін шетелге жіберілетін болады», - деп түсіндірді спикер.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2849 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4008
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2702
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3401
30 апреля родились
Замира Канапьянова
генеральный менеджер по связям с общественностью и правительством компании Шеврон Европа, Евразия и Ближний Восток
Forbes Video

Почему Булат Абилов рвётся к власти?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить