2023 жыл TAV Airports Holding компаниясы басқаратын және қызмет көрсететін Халықаралық Алматы әуежайы үшін рекордтық жыл болды. Жолаушылар ағыны сегіз миллион адамға жетті.
Халықаралық Алматы әуежайы Сізді 8 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетуіне орай ұйымдастырылған іс-шараға шақырады. Іс-шара 6 қарашада сағат 14:00-де өтеді.
Алдағы іс-шара әуежай үшін де, Алматы қаласы үшін де тарихи оқиға.
TAV Airports Holding бүкіл әлем бойынша әуежайларды басқару саласындағы жетекші компаниялардың бірі.
TAV Airports Holding өзінің сервистік компаниялары арқылы 29 елдегі 108 әуежайда қызметтердің кең спектрін ұсынады. Алматы әуе айлағының өткізу қабілетін арттыру мақсатында жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы жүріп жатыр.
Жаңа терминалды салу кестесі ілгерілеп келеді және Халықаралық Алматы әуежайының жаңа терминалын алдын ала іске қосуды 2024 жылдың жазында аяқтау жоспарлануда.
Жылына өткізу қабілеті 2,7 млн. адамға есептелген Халықаралық Алматы әуежайы өткен жылы 7,2 млн жолаушыны қабылдады.
Жаңа Халықаралық жолаушылар терминалы ашылғанда әуежай әкімшілігі ескісін жаңартуды жоспарлап отыр. Осылайша, жаңа жолаушылар терминалы тек халықаралық рейстерге, ал қолданыстағы терминал ішкі рейстерге қызмет көрсетеді.
Халықаралық Алматы әуежайын кеңейту жөніндегі ауқымды жоба жолаушылар терминалы мен жалпы мақсаттағы авиацияның жаңа ғимараттарын салуды, сондай-ақ эстакаданы, орталық инженерлік қондырғыны, әуеайлақты және вокзал маңы аумағын қайта жаңартуды қамтиды.
