Қазақстан Антикоры мен АҚШ мемлекеттік департаменті активтерді қайтару мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Америка Құрама Штаттарындағы әріптестерімен жемқорлыққа қарсы күн тәртібі бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағалидің АҚШ Мемлекеттік департаментінің Есірткімен халықаралық байланыстар және құқық қорғау органдары бюросының кеңесшісі, Азия аймағында бағдарламалар мен жобаларды енгізу саласындағы сарапшы Кайл Оджимамен кездесуі өтті.

Асхат Жұмағали Агенттіктің қызметі және жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етіп, сондай-ақ американдық тараптың жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыруда және ілгерілетуде көрсетіп отырған қолдауының маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, қаржылық тергеу, активтерді қайтару, цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалған жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.

Кайл Оджима серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, қол жеткізілген келісімдерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында америкалық тарап Агенттік делегациясын Америка Құрама Штаттарында а.ж. желтоқсанында өтетін БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының мерейтойлық сессиясына қатысуға шақырды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5280 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4008
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2702
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3401
30 апреля родились
Замира Канапьянова
генеральный менеджер по связям с общественностью и правительством компании Шеврон Европа, Евразия и Ближний Восток
Forbes Video

Китайские машины, утильсбор, льготные автокредиты

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить