Астанада 242 адам қызылшадан емделіп жатыр

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша елордада қызылшадан стационарлық емделуде 242 пациент бар, оның 174-і – бала. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова мәлім етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Спикер қызылшамен сырқаттанушылықтың жоғары болуы мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, мектептерді, жоғары оқу орындарын, медициналық ұйымдар мен әскери бөлімдерді қоса алғанда, ұйымдасқан ұжымдарда байқалатынын атап өтті.

«2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша елордада қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы жоспарлы вакцинациямен қамту 77,5% құрады, 22 245 бала егілді. 6-7 жастағы балалардың қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы ревакцинациямен қамтылуы – 78,8%», - деді спикер.

Астанада қызылшамен сырқаттанушылықтың 96%-ы вакцинацияланбаған балалар мен екпе мәртебесі белгісіз ересектер арасында тіркелген.

Осы жылдың 1 қарашасына басқарма қоймасында 29 419 доза мөлшерінде қызылшаға қарсы вакцина бар, сондай-ақ 121 мың контингентті вакцинациялау үшін Үкімет резервінен 121 000 доза қосымша сатып алу келісімі жасалды.

«Қызылша ауруы бар пациенттерге сапалы, қолжетімді және уақытылы медициналық көмек көрсету мақсатында басқарма «қызылшасы бар балаларға медициналық көмек ұйымдастыру туралы» бұйрықты бекітті. Балалар арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты №3 МГДБ төсек қоры 500 төсекке дейін, оның ішінде реанимациялық төсек-орын 20 төсекке дейін ұлғайды», - деді Әлия Рүстемова.

Сонымен қатар, қазан айының басынан бастап Қалалық жұқпалы аурулар орталығында қызылшамен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу үшін 100 төсек орналастырылды, резервте тағы 100 ересек төсек бар.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3455 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4553
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3275
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 4010
11 октября родились
Ермек Сагимбаев
председатель Комитета национальной безопасности РК
Forbes Video

Кто зарабатывает на инфлюенсерах в Казахстане?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить