Дүйсенова қызылшаға қарсы екпенің маңыздылығы туралы ақпараттандыру шараларын күшейтуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен жиында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды.

Ағымдағы жағдай туралы ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова баяндады. Оның мәлімдеуінше, бүгінде А гепатиті мен қызылша ауруының көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр. Тиісті вакцина салдырмай дертке душар болғандар қатары көп. Мәселен, қызылша елдің барлық аймақтарында тіркелген. Ауруды ең көп жұқтырғандар Шымкент пен Алматыда анықталды.

«Осы ретте жергілікті атқарушы органдар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызылшаға қарсы қосымша жаппай екпе салу науқанына дайындық шараларын қолға алған жөн», — деді А.Есмағамбетова.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова бұған дерттің қауіптілігі туралы халықтың ақпараттандырылмауы себеп болуы мүмкін екенін атап өтті.

«Азаматтардың екпеден бас тартуы, жүргізілген насихат жұмыстарының нашар екенін аңғартады. Адам өзіне өзі жау емес. Қауіптің барын білсе, өзін қорғау шараларын қолданады. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі керек», — деп тапсырды Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ жиында елдегі денсаулық сақтау мекемелерінде болған тексеру жұмыстарының нәтижелері туралы да айтылды. Бірқатар нысандарда ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуға қатысты жекелеген талаптардың сақталмағаны анықталған. Біразында зарарсыздандыру режимі сақталмаған, кейбірінде қарапайым жеке қорғаныш заттарының жетіспеушілігі анықталды.

«Денсаулық сақтау мекемелері уақтылы қаржыландырылып келеді. Олай болса, мысалы жеке қорғаныш құралдары жетіспеушілігі неден туындады? Біздің мақсат жазалау емес, осы мәселелерді шешу жолдарын қарастыру. Дегенмен шара қолдануға өздеріңіз итермелейсіздер», — деп атап өтті Премьер-Министр орынбасары.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова мәселе шешілмеген жағдайда кейбір денсаулық сақтау нысандарының қызметін уақытша тоқтата тұру мәселесін қарастыру керек екенін ескертті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3360 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4004
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2698
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3399
28 апреля родились
Ерлан Идрисов
чрезвычайный и полномочный посол РК в Соединенном Королевстве Великобритании и Северной Ирландии, Исландии, Республике Ирландия
Forbes Video

БИРЖА: КАК НЕ ПОТЕРЯТЬ ВСЁ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить