«Бір сағат және 25 минут» - Қытаймен шекарадағы тауарларды шығаруға қажетті уақыт

2023 жылғы қазанда «Алакөл», «Қалжат», «Майқапшағай», «Тәжен» және «Темір баба» өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақытын айқындау бойынша іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Зерттеу нәтижесі бойынша «Алакөл» өткізу пунктінде тауарларды шығарудың орташа уақыты - 1 сағат 50 минутты, «Қалжат» өткізу пункттінде 1 сағат 25 минутты, «Майқапшағай» өткізу пунктінде - 1 сағат
55 минутты, «Тәжен» және «Темір баба» өткізу пункттерінде тиісінше 1 сағат 45 минутты және 1 сағат 55 минутты құрады.

Зерттеу жүргізу Дүниежүзілік сауда ұйымының «Сауда рәсімдерін оңайлату туралы» Келісімінің 7-бабы 6.1-тармағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау және агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеттерінің бірлескен бұйрығында көзделген.

Автомобиль өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақыты уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде тиісті кедендік рәсімде тауарлар шығарылғанға дейін шекаралық және кедендік бақылау аймағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне автокөлік құралдары кірген сәттен бастап есептеледі.

Бұл ретте тауарларды шығарудың орташа уақытына мемлекеттік бақылаудан (шекаралық, кедендік, көліктік, ветеринариялық, фитосанитариялық, санитариялық-карантиндық, радиациялық бақылау) және кедендік декларациялаудан өтуге жұмсалатын уақыт кіреді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2750 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3999
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2693
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3399
Forbes Video

Берик Каниев: Мы не можем всю жизнь быть сырьевой страной

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить