Көлік прокурорлары ҚТЖ қызметкерлерінің санаторлық-курорттық емделуде болғаны туралы жалған есептерді анықтады

Қарағанды көлік прокуратурасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қарағанды магистралдық желі бөлімшесі» қызметкерлерінің сауықтыру үшін қаражат жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды БКП. 

ҚТЖ мен оның еңбек ұжымы арасында жасалған ұжымдық шартта жұмыс беруші мұқтаж жұмысшыларға жеңілдік шарттарымен санаторлық-курорттық емделуге жолдамалар беруге немесе медициналық көрсеткіштер болған жағдайда, 60 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетуге міндетті екендігі көрсетілген.

Осы құжатқа сәйкес теміржол саласының қызметкерлері әр 3 жыл сайын емдік санаторийлерге жолдама алады. Осыған қоса барлық қаржылық шығындарды Ұлттық тасымалдаушы көтереді.

Алайда ҚТЖ есептері мен курорттық ұйымдардың ақпараттарын салыстыру ҚТЖ филиалының емделуді қажет ететін әрбір үшінші қызметкері санаторийде іс жүзінде келмегенін және тиісті процедураларды алмағанын көрсетті.

Мысалы, азамат А. осы жылдың наурыз айында сауықтыру орталығында демалғаны туралы құжаттар ұсынған. Алайда медициналық мекеменің жауабынан көрсетілген адамның оларда болмағаны анықталды.

Жалпы алғанда прокуратура Қарағанды облысының теміржол саласы қызметкерлерінің курорттық ұйымдардың қызметтерін алу туралы осыған ұқсас 100 жалған есептерін анықтады.

Алаяқтық негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, оны жүргізу көліктегі полицияға тапсырылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4161 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3999
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2693
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3399
Forbes Video

Историк Радик Темиргалиев о том, когда казахи стали казахами

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить