Қазақстанда «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді

Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын бекітті. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Ұлттық жоба Мемлекет басшысының республиканың интернет саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданды. Оның негізгі мақсаты – халықты жылдамдығы кемінде 100 Мбит/с кең жолақты интернетпен қамту.

«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы 2024 жылдан бастап 2027 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және оны іске асыруға 1,5 трлн теңгеден астам қаражат көзделген. Айта кету керек, бұл соманың көлемді бөлігі, яғни 1,3 трлн теңгеден астамы – бюджеттен тыс қаражат.

Жоба аясында айтарлықтай қаражат сымды және сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады. Ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерінің тармақталған жүйесін салуға баса назар аударылмақ. Мәселен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 3 мыңнан астам ауылда тиісті байланыс желілерін монтаждау жоспарланып отыр.

Жалпы шағын және орта байланыс операторларын қолдау арқылы 400 мың үй шаруашылығына жылдамдығы жоғары интернет тартылатын болады. Жекеменшік операторлар тарапынан инвестициялардың жалпы сомасы 92 млрд теңге болған жағдайда, оның жартысын мемлекет күрделі шығындарға субсидиялар түрінде қайтаратын болады.

Ұлттық жоба аясында республикалық және негізгі облыстық автожолдарды мобильді интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылым салу жоспарланған. Атап айтқанда, 487 антенна-діңгек құрылысын орнату жоспарланып отыр. Бұл 17 мың шақырым автожолды мобильді интернетпен қамтуға мүмкіндік береді.

Тағы бір бағыт 5G желісін одан әрі өрістету болмақ. Бүгінгі таңда 605 базалық станция орнатылған. 2025 жылдың соңына дейін 5G технологиясын республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының барлығына енгізу жоспарланып отыр. Осы жұмыс аясындағы байланыс операторларының инвестициялары шамамен 300 млрд теңгені құрайды.

Ұлттық жоба аясында ірі деректер орталықтарын және трансшекаралық талшықты-оптикалық магистральдарды салу бойынша шаралар жоспарланған. Сондай-ақ республикаға жетекші халықаралық IT-компанияларды тарту үшін заңнаманы өзектендіру қажет.

Жалпы ұлттық жобаны іске асыру 2027 жылға дейін қазақстандықтарды жылдамдығы жоғары интернетпен қамту деңгейін 100%-ға дейін жеткізуге және елдің өңірдегі цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2259 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4340
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3062
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3798
10 октября родились
Айдан Карибжанов
участник рейтинга «50 богатейших бизнесменов Казахстана», председатель совета директоров Visor Holding
Айдан Карибжанов
владелец Visor Kazakhstan, участник рейтингов богатейших и самых влиятельных бизнесменов Казахстана
Андрей Цалюк
заместитель председателя правления KASE
Шерхан Раздыков
генеральный директор ГЦТ «Алматытелеком»
Кадыр Байкенов
экс-министр энергетики и топливных ресурсов РК, председатель совета Союза инжиниринговых компаний РК
Forbes Video

Ержан Есимханов — о январских событиях, коррупции и неравенстве

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить