АҚШ Қазақстанда әйелдер спортын, олардың мүмкіндіктерінің кеңеюін қолдайды

Астанаға сапары аясында, 5 қараша күні, АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу қазақстандық әйелдер мен қыздарды өзін-өзі қорғауға үйрететін жаттықтырушылар тобымен кездесті.

Жаттықтушылар “Өзін-өзі қорғау арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту” бағдарламасы мен 2020 жылы АҚШ-тың алмасу бағдарламасының түлектерімен ұйымдастырылған «Батыл қыздар» жобасының қатысушылары. Аталмыш жоба 80-нен астам қазақ қыздары өзін-өзі қорғауға үйретіп, қыздардың өздеріне деген сенімділігін арттырды.

Қорғаныс жаттығуларынан кейін, мемлекеттік хатшының көмекшісі Лу мұз үстіндегі жас спортшыларға қосылып, олардың шайбалы хоккей ойынын тамашалады.

Хоккейші қыздар тобы -- АҚШ миссиясы қаржыландыратын жергілікті хоккей лигасы бағдарламасының және қазақстандық кәсіби хоккейші Бибігүл Қартанбай негізін қалаған “Әйелдер хоккей академиясының” мүшелері. Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы әйелдердің қатысуымен өтетін спорт түрлерін, әйелдердің мүмкіндігінің кеңеюін мақтанышпен қолдайды.

6 қараша күні АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу АҚШ пен Қазақстан арасында стратегиялық әріптестікті кеңейту бойынша диалогтың басқосуына қатысты.

Мемлекеттік хатшының көмекшісі Лу АҚШ-тың Орталық Азияға сапарлайтын делегациясына жетекшілік етеді. Делегация қыркүйекте C5+1 форматында өткен алғашқы президент деңгейіндегі саммиттің және қазанда Өзара байланыс бойынша C5+1 министрлік отырысының жетістіктерін бекітпек.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2418 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3999
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2694
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3399
Forbes Video

Почему Булат Абилов рвётся к власти?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить