Елімізде жастарды қолдаудың жаңа шаралары әзірленуде

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте жастар саясаты саласындағы жағдай талқыланды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева аталған бағыттағы атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Елімізде жастарды қолдау мақсатында көптеген жаңа жобалар әзірленуде. Олардың көпшілігі азаматтардың жан-жақты дамуына, қоғамдық шараларға белсене араласуына бағытталған. Қазақстандықтардың зиянды әуестікке бейім болмауы және бірқатар тұрмыстық мәселені шешуге қатысты ауқымды жұмыстар қарастырылған.

Атап айтқанда, жастарды қысқа мерзімді курстарда оқытып, жұмыспен қамту, сондай-ақ өзінің бизнес-идеяларын жүзеге асыруға көмектесу жоспарланып отыр. Бұл санаттағы азаматтарды «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесе отырып әзірленетін бірыңғай тұрғын үй жобасына тарту жолдары да қарастырылмақ.

Кеңесте репродуктивті денсаулықты сақтау туралы мағлұмат беруге, нашақорлық, лудомания секілді өзге де тәуелділіктердің алдын алуға бағытталған жобалар да таныстырылды.

«Жастарды қолдау – біздің жұмысымыздың маңызды бағыты. Ұсынылған жобаларды қолдаймын. Мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге мекемелермен әр тармағын мұқият қарастырған жөн. Жобалардың орындалу барысын да ұдайы қадағалап отыру аса маңызды», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2679 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3999
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2694
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3399
Forbes Video

Джохар Утебеков: Новый старый Казахстан

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить