Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен елімізде төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндігі туралы сұрады, деп хабарлайды Kazinform.
«Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын алты миллионға арттырып жатырмыз. Яғни, біз оның қуатын екі есе арттырамыз. Осы көлемге қарасақ, бұл ретте жаңа зауыт құрылысы жүзеге асырылады деп айта аламыз», - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Оның айтуынша, еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарында шикізат өндіру мүмкіндігі күшейтілмек.
Еске салсақ, былтыр аталған министрліктің басшылығы төртінші мұнай өңдеу зауытын салғанша Шымкенттегі кәсіпорынды кеңейту тиімді екенін мәлімдеген еді.
