Жамбыл облысында натрий цианиді шығаратын зауыт салынады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Altynalmas Reagents» ЖШС директоры Уәлихан Атагелдиевті қабылдады.

Кездесуде «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында натрий цианидін өндіру жобасын жүзеге асырудың барысы талқыланды.

Жобаның жылдық қуаттылығы 25 мың тоннаны құрайды. Зауыттың құрылысына 250 адамды тарту жоспарланса, ал пайдалану кезінде 100-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Зауыт іске қосылғаннан кейін кәсіпорын натрий пиросульфиті мен каустикалық сода өндірісін жолға қоюды көздейді.

Кездесу барысында сабақтас өндірістерді құру, өнімді өткізуді жолға қою және экспорттау мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі ішкі нарықты қорғау мен отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Осы күні аймақ басшысы Ербол Қарашүкеев Koyuncu Group түрік компаниясының өкілдерімен де кездесті. «Karatau Chemicals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі натрий пиросульфит өндіретін зауыты 2024 жылдың қаңтар айында іске қосылады деп күтілуде. Компанияның бас директоры Рахим Ергунның айтуынша, оған салынатын инвестицияның көлемі 7 миллион долларды құрайды екен. Ал өндірістің жылдық қуаты 25 мың тоннаны құрайды.

Келіссөз барысында қос тарап ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оны одан әрі жандандыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ әртүрлі салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды бірлесе отырып талқылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2639 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4340
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3062
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3798
10 октября родились
Айдан Карибжанов
участник рейтинга «50 богатейших бизнесменов Казахстана», председатель совета директоров Visor Holding
Айдан Карибжанов
владелец Visor Kazakhstan, участник рейтингов богатейших и самых влиятельных бизнесменов Казахстана
Андрей Цалюк
заместитель председателя правления KASE
Шерхан Раздыков
генеральный директор ГЦТ «Алматытелеком»
Кадыр Байкенов
экс-министр энергетики и топливных ресурсов РК, председатель совета Союза инжиниринговых компаний РК
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить