Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперациясының жаңа халықаралық орталығы ашылады

9 қарашада Ташкентте Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Өзбекстанның инвестиция, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов екі ел шекарасында құрылатын «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімге қол қойды.

Нысан Атамекен (ҚР) және Гүлістан (Өзбекстан) өткізу пункттеріне жақын орналасады және өндірістік алаңдарды, тауарлар мен жабдықтарды сақтауға арналған қоймаларды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын қамтитын болады. Бұл жүк жеткізуді жеделдетіп, логистикаға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік кооперация орталығы жаңа өндірістерді, жұмыс орындарын ашуды, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін қайта өңдеуді ынталандырмақ, сондай-ақ тауарларды одан әрі тасымалдау үшін логистикалық қызметтерді қамтамасыз етеді.

Инфрақұрылымдық объектінің қызметі тауарларды тасымалдаудың тиімділігін арттырады, сондай-ақ оларды кедендік ресімдеу процесін жеделдетуді қамтамасыз етпек.

Келісімге қол қою жобаны іс жүзінде іске асыруға кірісуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік кооперация орталығының іске қосылуы екі елдің халықаралық саудасы мен экономикалық жүйелерінің интеграциясын одан әрі дамытып, екі ел арасындағы тауар айналымын 10 млрд.долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2727 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3999
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2694
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3399
Forbes Video

Как казахи хотели Чингисхана «украсть»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить