Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы жылдан жылға кеңейіп келеді

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында визасыз режим қолданысқа енгізілді.

Осы ретте Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі Мемлекет басшысының елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде отандық әуекомпаниялармен бірлесіп жолаушылар тарапынан туындап отырған сұранысты қанағаттандыру мақсатында екі ел арасындағы рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Осылайша «Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушылар ағынының артуына байланысты бірнеше бағыт бойынша рейстер санын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Алматы-Пекин бағытында аптасына 6 рейстен 7 рейске дейін; Астана-Пекин бағыты бойынша аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін; Алматы-Үрімші бағытында аптасына 2 рейстен 7 рейске дейін ұлғайтылады.

Сонымен бірге келесі жылы «Эйр Астана» әуекомпаниясы Шанхай, Гуанчжоу және Чэнду қалаларына жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр. Бұдан басқа қытайлық Air Logistics жүк әуекомпаниясы қараша айынан бастап Алматы – Сиань бағыты бойынша жүк тасымалына арналған тұрақты рейстерді іске қосуды көздеп отыр.

Осы ретте бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында аптасына 27 рейс орындалатынын айта кеткен орынды. Оның ішінде, «Алматы-Пекин» бағытында («Эйр Астана») – аптасына 6 рейс; «Астана-Пекин» («Эйр Астана») – 1 рейс; «Астана-Үрімші» (Fly Arystan) – 2 рейс, China Southern Airlines – 2 рейс; «Алматы-Үрімші» («Эйр Астана») – 2 рейс, China Southern Airlines – 7 рейс; «Алматы-Сиань» (China Southern Airlines) – 2 рейс; «Астана-Сиань-Пекин» (Air China) – 2 рейс; «Алматы-Ханчжоу» (Loong Airlines) – 3 рейс.

Жалпы Қазақстан мен Қытайдың авиациялық билік өкілдерінің арасындағы келісімге сәйкес екі елдің әуекомпанияларына аптасына 84 рейс орындауға рұқсат етілген.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2966 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3995
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2687
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3395
24 апреля родились
Мурат Мутурганов
артист цирка
Галымжан Пирматов
председатель Национального банка РК
Гульнар Иксанова
депутат мажилиса VI созыва, экс-руководитель агентства «Хабар»
Forbes Video

Кто зарабатывает на инфлюенсерах в Казахстане?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить