Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстандық әуекомпаниялармен бірлесіп әуе кемелерінің паркін толықтыру бойынша жұмысты жалғастыруда.
"Fly Arystan" жаңа "A320NEO" әуе кемесін тікелей Airbus өндіруші зауытынан алды. Ұшақ флотта 18-ші және жаңа ұшақтар қатарынан 7-ші болды.
Жаңа әуе кемесін пайдалануға берілуі "Fly Arystan" әуе компаниясының тасымалдау сыйымдылығын арттырады, бұл өз кезегінде рейстерді орындаудың жүйелілігіне оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Қазақстандық әуе компанияларының әуе паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.
