2023 жылдың қаңтар–маусымында электронды тұрмыстық техниканы жөндеу қызметінің көлемі 4,1 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 1,5 есе артық. Сонымен қатар, бір жыл бұрын да өсім болды: 37,2%, деп хабарлайды finprom.kz.
Саладағы қызметтің жалпы көлемінің тек 115,2 млн теңгесі ауылдық жерлерге тиесілі, алайда бұл 2022 жылғы қаңтар–маусымындағыдан 2 есе көп.
Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу қызметінің көлемі де айтарлықтай өсті: 2023 жылдың қаңтар–маусымына бірден 41,9% өсіп, 1,2 млрд теңгеге жетті. Былтыр 17,9% төмендеген.
Саладағы қызметтің жалпы көлемінің 27,2 млн теңгесі ғана ауылдық елді мекендерге тиесілі, бұл 2022 жылдың қаңтар–маусымындағыдан 2 есе аз.
2023 жылдың қазан айының соңында тұрмыстық техниканы жөндеу қызметі бір айда небәрі 0,9% қымбаттады. Бір жыл бұрын баға 3,4% өскен. Биыл сектордағы қызмет құнының айлық өсімі ең көп маусымда (1,9%), ең азы сәуірде (0,3%) болды. Сонымен қатар, екі ай қатарынан тамыз және қыркүйек айларында тұрмыстық техниканы жөндеу қызметінің құны өзгеріссіз қалды.
Бір жыл ішінде тұрмыстық техниканы жөндеу қызметі 16,4% қымбаттады, алайда бұл баға 16,6% өскен 2022 жылдың қазан айындағы көрсеткіштен сәл төмен.
ҚР өңірлері арасында сектордағы қызмет құнының ең көп өсуі Ақмола облысында болды: 55,2%. Одан кейін Ақтөбе және Жетісу облыстары: тиісінше 42,8% және 35,1%. Тұрмыстық техниканы жөндеу қызметі ең аз Астанада (2,2%), сондай-ақ Атырау (5,3%) және Қызылорда (5,3%) облыстарында қымбаттады. Бұл ретте Түркістан және Ұлытау облыстарында сектордағы баға өзгерген жоқ.
