Досаев - Алматы агломерациясындағы халық саны 2030 жылға қарай 4,5 млн адамды құрайтын болады

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленген Алматы агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі Кешенді жоспары Үкіметте 2023 жылдың соңына дейін қабылдануы тиіс. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев «Қазақстан-2023» бірлескен сәулет - қала құрылысы форумы барысында хабарлады.

«Агломерациядағы халық саны бүгінде 3,5 миллионнан асады, болжам бойынша 2030 жылға қарай 4,5 млн адамды құрайтын болады. «Агломерацияларды дамыту туралы» жаңа Заңды ескере отырып, осы жылдың басынан Алматы агломерациясының мәртебесі заң жүзінде бекітілді, оның орталығы – Алматы қаласы. Алматы агломерациясын дамытудың 2029 жылға дейінгі Кешенді жоспарын Алматы қаласының да, Алматы облысының да мәслихаттары мақұлдады және осы жылдың соңына дейін Үкіметте қабылдануы тиіс», - деді мегаполис басшысы.

Оның айтуынша, бұл құжат Алматыда және Алматы облысында тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымының озық дамуын үйлестіруге және теңестіруге мүмкіндік береді.

Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2022 жылдың соңында «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларының» бекітілгенін атап өтті. Бұл бағдарлама жайлы қалалық орта, орнықты экономикалық өсу, басқарылатын урбандалу, әлеуметтік орнықтылық пен тұрақтылық, жасыл Алматы, смарт сити, қауіпсіз қала сынды жеті негізгі қағидатқа негізделген. Осының негізінде Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспары әзірленіп, қалалық тұрғындарымен кеңінен талқыланды, оны ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Үкіметі бекітті.

«Жаңа Бас жоспарда біздің мегаполистің дамуының моноорталық модельден полиорталық моделге көшу қағидаты қалыптасты. Бес жаңа полиорталық Алматының біркелкі және теңгерімді дамуына жаңа серпін береді және қала тұрғындарының өмір сүру сапасының тұрақты өсуін қамтамасыз етеді», - деді Алматы әкімі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5538 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3995
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2687
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3395
24 апреля родились
Мурат Мутурганов
артист цирка
Галымжан Пирматов
председатель Национального банка РК
Гульнар Иксанова
депутат мажилиса VI созыва, экс-руководитель агентства «Хабар»
Forbes Video

Нуртас Адамбай: ислам - решение всех проблем?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить